"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Кіру
AA+
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Атауы Жүктеу
1 Smart bala
2 Адал ұрпақ бұйрық
3 Балалар кітапханасы бұйрық
4 Еңбегі адал - жас өрен
5 Қамқор жобасы бұйрық
6 Қыздар ұйымы бұйрық
7 Мектеп парламенті бұйрық
8 Ұлдар ұйымы бұйрық
9 Ұшқыр ой алаңы бұйрық
10 Шабыт бұйрық

 


«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»–ұлттық,адамиқұндылықтарғанегізделген.Бұлқұжаттабілімберуұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиісқұндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойынасіңірген,әлемдік озық білімдіигергенсаналыазаматты тәрбиелеумақсатыкөзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі – тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуда.

5 ҚАЗАН – Ұстаздар күніне орай мектепте «ҰСТАЗ АТЫ БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК» тақырыбында мерекелік жиын өткізіліп, Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында                    ҚР Оқу – ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың мектеп ұжымына жіберген Алғыс хаты табыс етілді. Мерекеге ардагер ұстаздар шақыртылып, өздерінің шәкірттерге ыстық лебіздерін білдіріп, ұжымға ақ батасын беріп,  жиын соңында ардагер ұстаздарымызға сыйлықтар таратылған. 
#5қазан_ұстаздаркүні

 

Дублер күні
Ұстазеңбегі – ұлыеңбек. Білімніңшыңдалуыәріқарайнәрленуі, ұстаздыңеренеңбегі мен талмасқанаты. Біздіңбілімордасыұстаздар мен шәкірттерменмақтанады.  Осындаймерекедеұстаздаркүнінеорай, оқушыларымызбіркүнмұғалімболыпсабақберді. 
#дублеркүні
#біртұтастәрбие

«25 қазан – Республика күні мерекесіне орай» мектепішілік іс – шаралар жоспарына сәйкес «Қазақ елі Менің - Отаным» тақырыбында сынып сағаттары өткізілген.. Сонымен бірге ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ болып, оқушылар аулада барша Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтау үндеуін жолдаған.
#Республикакүні
#қазақстангимні
#біртұтастәрбие
#гимнказахстана
#меніңотанымқазақстан
#мояродинаказахстан

27 қазан күні мектебімізде 8-11 сыныптар арасында «КҮЗГІ БАЛЛ - 2023» байқауы өткізіліп, байқау нәтижесінде 10 – сынып оқушылары Амантай Нұрсаят пен  Болатқызы Балауса «Күз ханзадасы мен ханшайымы - 2023» атанды. 

«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» жобасы аясында «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбында аталармен кездесу сағаты өткізілді.

АТА – АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ бағдарламасын іске асыру бойынша 1 қараша күні 1-4 сынып ата – аналарымен  алғашқы сабақ «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбында тренинг – сабақтар өткен.  Сабақ барысында мектептің  арнайы маманы  Жүніс Жәния «Оқу мен жазу бұзылыстары бар және есте сақтауы, қабылдауы төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді әдіс - тәсілдер» тақырыбында ата – аналарға түсіндірме жұмысы мен тренинг ұйымдастырған.  Сабаққа ата – аналар өте риза болып, қызығушылықтарын танытқан.   
2 қараша күні 5-9 сыныптар ата – аналары арасында «Баланың бас ұстазы – ата - ана» тақырыбында тренинг – сабақ өтілген. 5 – 9 сынып жетекшілері ата – аналармен алғашқы сабақты жаңа форматта өткізген.. Ата – аналар ризашылығын білдірген.  Сонымен бірге 10-11 сынып ата – аналарымен бірге «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...» тақырыбында сабақ ұйымдастырылған.  Сынып жетекшілері ата – аналармен психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қызықты  «Сәлемдесу», «Ашулы шар», «Мені көзімнен тап», «Жүрек жылуы»  ойын – жаттығуларын өткізген.
3 қараша күні 7-8 сыныптар арасында «Әкем айтқан нақыл сөз» тақырыбында танымдық сағатын өткен.  

БАСТАУЫШ — БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ
Қарашаның 28 күні Басықара ауылындағы №182 мектепте "БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСПАЛДАҒЫ — БАСТАУЫШТА" атты аудандық семинар өтті. Семинар мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен  қазақ халқының ұлттық тәрбиесін жастайынан бала бойына сіңіре отырып,  егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне —өзі сенімді интеллектуалдық деңгейі биік,  дүниетанымы дұрыс қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеуді көздейді. Бұдан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетова Жанар  Даналық мектебі аясында "Отбасы құндылығы—бала тәрбиесінің негізі"  тақырыбында жоба қорғаса, бастауыш пәні мұғалімі Байденес Алтын "Әке көрген оқ жонар"  тақырыбында әкелер одағымен жұмысын көрсетті.

"ШУАҒЫН ШАШҚАН ӘЖЕЛЕР" 
Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зерделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңдап өскен бала Абай дана Абайға айналды.Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.Әже мектебін көргендерді бауырмал мінезінен танимыз. Қандай қызметте, қандай лауазымды атқарып жүрсе де әже мектебінен шыққандар бойындағы айрықша жылылығынан кімнен тәрбие алғанын білдіріп тұрады.Мектепте  Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық»мектебінің бір бөлімі «Әжелер» мектебінің жоспарына сәйкес қаңтар айында «Шуағын шашқан әжелер» тақырыбында жасұландармен жұмыс жүргізілуде.

Мақсаты: жасөспірім қыздарға бағыт - бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыру; әжелердің бала тәрбиесіндегі рөлінің жоғары екенін көрсету; қазақ халқындағы "әже" ұғымының қасиетін балаға түсіндіру.

"АСЫҚ АТУ" ЧЕЛЛЕНДЖІ 
"9 АЙҒА 9 ІС-ШАРА" ЖОБАСЫ 
 Мектепте  2023 жылдың 17 қараша күні "9 айға 9 іс-шара" жобасы аясында ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу мақсатында  республикалық "Асық ату" челленджі өткізілді. Челлендж барысында білім алушылар "БЕС АСЫҚ", "БЕС ТАБАН", "ХАНТАЛАПАЙ" ойындарын ойнады. 

"ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ" 
Басықара ауылындағы N182 орта мектебінің 4-сыныбында жетекшісі Ағыбаева Махаббат "Тарихи тұлғалар тағылымы" тақырыбында өнеге сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып, Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би секілді қазақтың би шешендерін таныстыру, өмірінен мағлұмат беру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу сөздерді дұрыс қолдану дағдысын жетілдіре түсу. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, мейірімді болуға үйрету.

 

"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" 2024 жылдың 26 қаңтарында  5-7 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
#досболlike
#182ортамектеп
#біртұтастәрбие

 "ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА #ЕҢКӨПОҚИТЫНСЫНЫП БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ 
 "Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасын дамыту мақсатында және "Балалар кітапханасы" жобасы аясында №182 орта мектеп кітапханасының үйымдастыруымен "Ең көп оқитын" сынып байқауы өткізілді.
#біртұтастәрбие
#еңкөпоқитынсыныпбайқауы
#оқуғақұштармектеп
#балаларкітапханасы
#182мектепкітапханасы

"НАҒЫЗ ҚАЗАҚ — ДОМБЫРА" 
Басықараауылындағы № 182 орта мектебінде «Біртұтастәрбиебағдарламасын» іскеасыружоспарынасәйкес, қарашаайынының 20—ы күнідомбыракүніөткізілді.
#182ортамектебі
#Dombra_party
#БІР_ТҰТАС_ТӘРБИЕ

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында Мектеп Парламентінің "Спорт және салауатты өмір" фракциясы "Есірткісіз өмір ғажайып " тақырыбында сурет арқылы жеткізуді жөн көрді.
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ!
#нашақорлыққажолжоқ
#есірткісізөмірғажайып

"ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?" 
Басықараауылындағы №182 орта мектебінде "ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ? " апталығы