"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Кіру
AA+
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев

Мектеп тарихы

Басықара ауылындағы №182 орта мектептің қысқаша ашылу тарихы

Мектеп – бар білімнің бастауы. Мектеп – үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Көптің есіне ыстық сағыныш пен жылы естелік ұялататын да осы мекен. Біздің мектебіміздің де тарихына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Ең алдымен мектеп қабырғасы қаланбай тұрып, алпысыншы жылдардың басында Сырдарияның Қазалы, Арал аудандары орналасқан төмеңгі саласында су тапшылығы жылдан жылға арта бастаған. Осыған орай су тапшылығынан құтылу үшін Сырдария өзеніне су тоспасын салу қажет болды. Оның жобасы жасалып құрылысты 1963 жылы «Қызылорда су құрылысы» тресіне қарасты Қызылорда №16 жылжымалы мехколонна жүргізді. Қазалы су торабының құрылысы Бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жарияланып, оған жер-жерден мамандар мен жұмысшылар келе бастады. Су торабы мен Басықара қыстағының құрылысы қатар жүргізіледі. Онда бірнеше жүздеген адамдар жұмыс жасады. Құрылысшылардың ұлттық құрамы әртүрлі болды. Олардың арасында қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, молдаван, әзербайжан, түрік, украин, белорусь, қалмақ, корейлер де болды.

1964 жылдың аяғына дейін екі пәтерлік 19 үй салынды. Ал 1965 жылы 8 жылдық мектеп клуб, емхана, балалар бақшасы, мехколонна кеңсесі, монша, сегіз пәтерлік екі үй, жылу жүйесі салынып пайдалануға берілді. Басықара қыстағының құрылысы осылай басталып, ел пайда болды. Сегізжылдық мектепке дейін кішкентай үйде орналасқан бастауыш орыс-қазақ мектебі жұмыс жасады. Онда бірнеше ұлттың балалары білім алды. Оларға Тасмағамбетов Сәду – мектеп меңгерушісі, Әлібаев Қанай- бастауыш сыныптар мұғалімі, Валиева Нэлла 1-4 сыныптарына орыс тілінен сабақ берді.

1965 жылы 8 жылдық мектеп үйі беріліп, оған Сейсенов Әбләмит мектеп директоры болып тағайындалды, Тасмағамбетов Сәду- оқу ісінің меңгерушісі, Оңдасов Кемал - орыс тілінен, Сәндібеков Жарбол – физика-математикадан, Әлібаев Қанай, Әбенова Бибіқатша бастауыш сыныптарға, Есенов Қадірбай қазақ тілінен сабақ берді. Осылай білім саласы дами бастады. Оқушылар контегенті біртіндеп көбейе берді, тұрғындардың өтініші бойынша 1982 жылдан мектеп орта білім ордасына айналды.

Мектеп жұмыс істеген кезінен бастап көптеген түлектерді оқытып шығарды. Олардың қатарында Пірназаров Жалғас химия ғылымының кандидаты, Мусабаев Тұрлыбек ғылым докторы Астана қаласында жұмыс жасайды. Рысқұлова Гүлбадан Москва университетінің философия факультетін бітіріп, Қорқыт Ата университетінде аға мұғалім, Мусабаев Еркін Арал қаласында ұлттық банкінің директоры, Жақсылықов Жакен Арыс қаласындағы темір жол депосының бастығы.

Әр жылдағы мектеп басқарған басшылар:

  1. 1965 - 1970 жж. Сейсенов Әбләмит
  2. 1970 - 1980 жж. Тілеубаев Әбілмәжін
  3. 1980 - 1990 жж. Сейсенов Әбләмит
  4. 1990 - 1992 жж. Ерғараев Тасболат
  5. 1992 - 2005 жж. Төлегенов Бақыт
  6. 2005 - 2008 жж. Есмағанбет Бибісара
  7. 2008 – 2013 жж. Сейсенов Ғалымбек
  8. 2013-2020 жж. Таңмамбет Жетібай
  9. 2020 жылдан бастап Бақытбергенов Гүлдәурен басшылық жасауда.

Өмірінің соңына дейін ұстаздық қызмет атқарған ардагер-ұстаздар:

  1. Тасмағамбетова Сәду – Қазақ ССр халық ағарту ісінің үздігі
  2. Есенов Қадірбай – Қазақстан және КСРО халық ағарту ісінің үздігі
  3. Әлібаев Қанай
  4. Рысқұлов Шалабай
  5. Ақбамбетов Шәгіл

Мектебімізде ұзақ жыл мұғалімдік қызмет атқарып, зейнетке шыққан ұстаздар:

  1. Сейсенов Әбләмит – Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі
  2. Оңдасов Кемал- Қазақ ССР оқу министрлігінің грамотасымен мадақталған
  3. Сәдуова Гүлнар Сәдуқызы
  4. Нұрасылова Ибагүл Оспанқызы
  5. Исаева Үрімжан Еркөбекқызы
  6. Әбілова Бақыт Базарбайқызы
  7. Бекназарова Аршагүл Бекназарқызы
  8. Ұлықбан Ұшыға Ұлықбанқызы
  9. Оразымбетова Зибагүл Даниқызы
  10. Қазиева Айымкүл Қазиқызы
  11. Кемалова Зинегүл Бұрханқызы
  12. Төлегенов Бақыт Досмамбетұлы
  13. Егізбай Сара Сейітқызы
  14. Ержанова Сарқыт Ордақызы
  15. Торы Қалман Торыұлы
  16. Сәлмен Мұхтар Ержанұлы
  17. Таңмамбет Жетібай Сұлтанұлы
  18. Дүйісов Абдул Әбілұлы
  19. Ермахан Дәуренбек Асылбекұлы
  20. Аханова Базаркүл Қыпшақбайқызы
  21. Баспаев Алып Айсұлтанұлы

Мектепті әр жылдары «Алтын медаль», «Күміс медаль», «Үздік аттестат» пен куәлікке бітірген түлектер:

1990-1991 оқу жылы

  1. Төлегенов Жанарбек – күміс медаль
  2. Еркебаева Мейрамкүл – күміс медаль
  3. Өтемұратова Ләйла – күміс медаль

2000-2001 оқу жылы

  1. Баймағамбетова Жанар – үздік аттестат
  2. Әбілова Жаңылған – үздік аттестат

2001-2002 оқу жылы

  1. Әділбай Бақыткүл – үздік куәлік

2002-2003 оқу жылы

  1. Алдажарова Анар – үздік куәлік

2004-2005 оқу жылы

  1. Шерімбетова Ұлдай – үздік куәлік

2007-2008 оқу жылы

  1. Әбілова Ақмарал – үздік куәлік
  2. Рысқұл Шалқар – үздік куәлік

2011-2012 оқу жылы

  1. Бахыт Бекзат Бахытұлы – үздік куәлік
  2. Жауынбай Жанна Қайратқызы – үздік куәлік
  3. Сахыбай Айзат Жолдасқызы – үздік куәлік

2012-2013 оқу жылы

  1. Әлізақ Нұрсұлтан Наурызбайұлы- үздік куәлік
  2. Едіге Нұрлыбек Бақытбекұлы – үздік куәлік
  3. Темірбек Гүлжанат Мейрамбекқызы – үздік куәлік

2013-2014 оқу жылы

  1. Орынбасар Дәулет Орынбасарұлы – үздік куәлік
  2. Шалабай Абай Жомартұлы – үздік куәлік
  3. Пірәлі Закида Нұрбергенқызы – үздік куәлік
  4. Рысқұл Үкілім Айдынқызы – үздік куәлік

2014-2015 оқу жылы

  1. Шынберген Мирас Аманқосұлы – үздік куәлік
  2. Әлізақ Назерке Наурызбайқызы- үздік куәлік
  3. Рысқұл Құндыз Тілесқызы – үздік куәлік

2015-2016 оқу жылы

  1. Рысқұл Үкілім- Алтын белгі
  2. Смадияр Бибі-Айша – үздік куәлік
  3. Оспан Элеонора – үздік куәлік

2016-2017 оқу жылы

  1. Қуандық Гүлнұр Қуандыққызы – үздік куәлік
  2. Мұхтар Тоғжан Мұхтарқызы – үздік куәлік

2017-2018 оқу жылы

  1. Әмір Аякөз Мейрамбекқызы – үздік куәлік

2018-2019 оқу жылы

  1. Айсұлтан Наурызбай Алыпұлы- үздік куәлік
  2. Әлқуат Ерлан Нұрланұлы – үздік куәлік
  3. Өмірзақова Үміт Бахытқызы – үздік куәлік

2019-2020 оқу жылы

  1. Әбдіхалымов Шыңғысхан Асылбекұлы – үздік куәлік
  2. Смадияр Ұлжан Болатбекқызы – үздік куәлік

2020-2021 оқу жылы

  1. Әбдіхалымов Абылайхан Асылбекұлы – үздік куәлік
  2. Серікбай Мерей Бейбітқызы – үздік куәлік
  3. Шалабай Диана Тілесқызы – үздік куәлік

2021-2022 оқу жылы

  1. Әбдіхалымов Шыңғысхан Асылбекұлы – үздік аттестат
  2. Смадияр Ұлжан Болатбекқызы – үздік аттестат
  3. Елеулиева Әнел Олжасқызы – үздік куәлік
  4. Гүлдәуренұлы Ибраһим – үздік куәлік
  5. Дәулет Самал Русланқызы –үздік куәлік

2022 – 2023 оқу жылы

  1. Әбдіхалымов Абылайхан Асылбекұлы – Алтын белгі
  2. Серікбай Мерей Бейбітқызы – Алтын белгі
  3. Шалабай Диана Тілесқызы – Алтын белгі
  4. Болатқызы Балауса – үздік куәлік
  5. Дошмаханова Мерейлім Қуанышбекқызы – үздік куәлік
  6. Мейрімжан Зере Нұрланқыз – үздік куәлік