Бақытбергенов Гүлдәурен Бақытбергенұлы – Мектеп директоры, «№182 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2021 жыл 02 ақпаннан бастап басқарып келеді. Еңбек жолын Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 23 жыл еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты - «Педагог зерттеуші». Аудандық, облыстық дебат турнирінің жеңімпазы.
Нұрмаханов Талант Тоқтасынұлы - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді. Еңбек жолын Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектеп - лицейден бастаған, 14 жыл еңбек өтілі бар география пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты - педагог - сарапшы. Мұғалімдердің біліктілігін дамытуда, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді. Оқушылары аудандық ғылыми жоба байқауларының, аудандық жалпы білім беретін пән олимпиадаларының жүлдегері.
Нурмаганбетова Жанар Мейрмжановна - мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді. Еңбек жолын Қазалы ауданы Басықара ауылындағы №182 орта мектептен бастаған, 26 жыл еңбек өтілі бар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты - педагог - сарапшы. Аудандық, облыстық “Үздік Авторлық бағдарламалар” сайыстарына қатысып жүлделі орындар мен Алғыс хаттармен марапатталған. Оқушылары Республикалық “ Кенгуру - Лингвист”, “British Bulldog” сайыстарының жеңімпаздары.
Ағыбай Асылбек Әбдіхалімұлы бейінді оқыту жөніндегі орынбасары қызметін 2021 жылдан бастап атқаруда. Еңбек жолын Басықара ауылындағы 182 орта мектептен бастаған. Еңбек өтілі - 31 жыл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сұғалімі, біліктілік санаты педагог - сарапшы



