« Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар
2021 жылы ақпан айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» мемлекеттік жобасы бекітілген болатын. Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету , оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, кітапханашы мен оқырман арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру,ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету, кітапқа,ақпаратқа деген оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру,оларды кітап оқуға тарту,ынталандыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» мемлекеттік жобасы аясында мектеп кітапханасы түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелер,бұрыштар,поэзия кеші, конференциялар әдеби кештер, мәнерлеп оқулар, байқаулар, челлендждер, буктрейлер, екске алу кештерін ұйымдастырды.
Балалар, құтты болсын,тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай №182 орта мектеп кітапханасында "Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі" тақырыбында көрме жасалынды.
Көрменің мақсаты:Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Көрме 5"а",5"б" сынып оқушыларына таныстырылды.Барлығы 10 оқушы қатысты.Оқушыларға 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні болып аталу себебі түсіндірілді."Ақыл көркі-тіл,тілдің көркі-сөз" атты сөз жарыста оқушылар тіл туралы мақалдар айтып жарысты.Көрме жанында оқушылар Совет Еркеназ,Темірхан Ұлжан,Ұлықпан Зибанұр ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Шара соңында оқушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.
#Қазақстанхалқытілдеркүні
#182ортамектепкітапханасы
#Балаларкітапханасыжобасы
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"ДАЛА, СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН!"
⠀
"Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасын іске асыру бағытында Басықара ауылындағы №182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашевті еске алуға арналған "Дала, сенің ұлыңмын! " тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің мақсаты:
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныс болу.
Өлеңдері мен эпиграммаларын мәнерлеп оқу арқылы елге деген сүйіспеншілікті сезіну.
Әдеби кешке 6 -7-8-4 сыныптардан барлығы 15 оқушы және тәрбие ісінің орынбасары Жанар Мейірімжанқызы, ұйымдастырушы педагог Жадыра Пірназарова қатысты.
Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел аулында дүниеге келген. ҚазМҰУ - дің журналистика факультетін бітірген. 2001жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өткен. Алматы қаласы, туған жері Арал қаласында көшеге, мектепке Жарасқан Әбдірашевтің есімі берілген. Кеш барысында оқушылар ақынның "Туған дала", "Ақын кетіп барады көшеменен" Мұқағали Мақатаев қа арнау өлеңі және "Әзілің жарасса..."тақырыбындағы ақын-жазушыларға арналған эпиграммалары, сонымен бірге балаларға арналған өлеңдері оқылды. Кеш соңын қорытындылаған тәрбие ісінің орынбасары Жанар Мейірімжанқызы оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
#Оқуғақұштармектеп
#ЖарасқанӘбдірашевескеалу
#182мектеп
#қыстаоқимыз
#қыстаканикулдакітапоқимыз

5-сынып оқушысы Русланқызы Айым
Республикалық ғылыми -педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының қысқы демалыс кезіндегі "Қыста оқимыз" тақырыбында түрлі іс-шараларын іске асыру және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында N 182 орта мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай бірнеше кітаптарды оқуға ұсынылған болатын. Оқушылармыздың оқыған Ыбырай Алтынсаринның әңгімелерін назарларыңызға ұсынамыз.
#оқуғақұштармектеп
#қыстаоқимыз
#қыстаканикулдакітапоқимыз

4 «б» сынып оқушысы Талғатқызы Назерке

4 «а» сынып оқушысы Қалдыбек Қарақат

4 «а» сынып оқушысы Совет Еркеназ

3-сынып оқушысы Әлзақ Айша
Республикалық ғылыми -педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының қысқы демалыс кезіндегі "Қыста оқимыз" тақырыбында түрлі іс-шараларын іске асыру және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында № 182 орта мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай бірнеше кітаптарды оқуға ұсынылған болатын. Оқушылармыздың "Жиренше шешен" туралы әңгімелерін назарларыңызға ұсынамыз.
#оқуғақұштармектеп
#қыстаоқимыз
#қыстаканикулдакітапоқимыз

3-сынып оқушысы Қалдыбек Қарақат

4 «б»сынып оқушысы Темірхан Ұлжан
№182 мектеп кітапханашысы осы мақсатта оқырман қауымға Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» кітабын таныстыру үшін буктрейлер жасады.
Буктрейлердің мақсаты: Оқырманға жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмір жолын және аталған кітап бойынша шағын шолу жасау. Сол арқылы оқырманды осы роман- хикаятты оқуға ұсыну.
«Періштелер өлімі» романы көрнекті жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың жаңа туындысы.Қаламгер бұл шығармасында бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды.
Ауыл өмірін жақсы білетін сөз зергерінің жаңа романы бірін-бірі толықтырып, дамытып отыратын оқиғалар желісі арқылы өз оқырманын бірден баурап алады.
«Періштелердің өлімі» романы екі бөлімнен тұрады. «Жыланның уы» және «Сәмбі талдың мұңы» бұл екі роман-хикаятта бүгінгі күннің шындығын жеткізген мұңды шығарма . «Жыланның уы» бөлімі өмір қатері жайында. Күн көріс қамымен барған ағайынды екі жігіттің ажал құшуы, періште көңіл Шертайды құрбандыққа қиып,тым қаталдыққа барғанда жазушы өмірде зұлымдықтың шегі жоғын аңғартқандай еді.Жазушының бұл толымды еңбегі қазақ әдебиетінің шоқтығын биіктетін бітімі бөлек роман.
Жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында дүниеге келген.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған респуликалық конкурста бас жүлдені иеленді.
182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастырумен «Даналық үйі» тақырыбында 1-5 сыныптарға арналған кітапханаға виртуалды саяхат жасалынды.
Виртуалды саяхаттың мақсаты: Балалардың кітап оқуға ынтасын арттыру,кітап оқу арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Кітапхана қорындағы балалар әдебиетімен таныс болу.
Саяхатта мектеп кітапханасы жөнінде шағын мәлімет берілді.Кітапхананың балалар әдебиеті қорынан : ертегілер, аудио ертегілер, шағын әңгімелер, аңыздар, әфсаналар таныстырылды. «Мектеп кітапханасы», «Ғажап деректер», «Білгенге-маржан», «Мен оқығанды ұнатамын» айдарымен шыққан алуан түрлі тақырыптағы кітаптар мен кітапшалар, сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп , білімді, саналы азамат болып қалыптасуына өзін тануға мүмкіндік береді.
Әрбір кітап кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып,қоршаған әлемді тануға, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс өлкелерге саяхат жасауға көп көмегін тигізеді.
Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф—ғалым Серікбол Қоңдыбаевтың 55 жылдық мерейтойына орай "Серікбол—ғалам" атты онкүндік жоспарына орай ақпанның №182 орта мектеп кітапханасында "Аққан жұлдыз" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқушыларды этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмір жолымен, оның артында қалған мұраларымен таныстыру. Көрмеге 6-сынып оқушылары қатысты.
Жалпы, Серікбол Қондыбай туралы жаза кетсек. Ол 1968 жылдың 14 наурызында Маңғыстаудың Қарақия ауданы Құрық кентінде дүниеге келген.1975-1985 жылдары Шетпе кентіндегі №3 мектепте білім алған.1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде "географ-геоморфолог" мамандығын бітіріп еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 25 жасында пойыздың рельсіне аяғын қыстырып, мүгедек болып қалды.Одан кейін 9 жыл өмір сүрді. Аяғымнан айырылдым деп сарыуайымға берілген жоқ.Сол жылдары Серікбол ғылымға түбегейлі бет бұрып,көп еңбек етті. Қазақ мифологиясына арнап 16 том кітап жазды. Қазір оның еңбектері орыс және ағылшын тілдеріне аударылып жатыр. Оның туған жері Шетпе ауылында еліміздегі бірінші және бірегей мифология музейі ашылды. Серікбол Қондыбайды зиялы қауым"Қазақтың екінші Шоқаны" дейді.Өйткені оның ғұмыры тым қысқа болды.Бірақ, бар өмірін қазақтың тарихы мен мәдениетін,салт-санасын жаңғыртуға арнады.Оны түбегейлі зерттеуде аянбай еңбек етті.Серікбол Қондыбай - қазақ мифологиясының зерттеушісі, ол 2004 жылы 24 тамызда 37 жасқа қараған шағында, қазақ ғылымының көгіне жарқырай көтеріліп келе жатқан шағында дүниеден озды. Ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлы қайталанбас тұлға жайында былай дейді: "Серікбол Қондыбай -қазақ тарихында бұрын болмаған құбылыс. Серікбол - Тәңірдің бізге жіберген құдды бір мұғжизасы сияқты. Академик түгілі, кандидаттық атағы жоқ, ғылыми ортадан жырақта, кішкентай бір ауылда тұрып, әлемдік деңгейде зерттелуге тиіс тақырыптарға із салды. Ол өз еңбектері арқылы тарихи ақиқатты тануға ұмтылды."
Оқушылар өлкетанушы, географ, этнограф - ғалым Серікбол Қондыбай туралы біраз керекті мәліметтер алып тарқасты.
#СерікболҚоңдыбай
"Тәжік —Ауған" әскери қақтығысының аяқталғанына 22 жыл және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай №182 орта мектебінің кітапханасында "АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ" тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды.
Бұрыштың мақсаты:
Ауған оқиғасының тарихи деректерінің маңыздылығын білу және есте сақтау;
Патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету.
Бұрыш 9-сынып оқушыларына таныстырылды.1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. 10жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына 34 жыл. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды.1993-1999 жылдар аралығында ішкі әскердің 2 мыңнан астам сарбазы тәжік - ауған шекарасын күзетуге қатысқан. 7 - і сәуір 1995 жылы болған қарулы қақтығыста 17 қандасымыз қаза тауып, 33-і ауыр жараланған.
Сонымен бірге, оқушыларға "Тағзым" кітабы таныстырылды. Бұл кітап Ауғанстанда қаза тапқан сырбойылық боздақтарға, қазіргі ардагерлерге естелік ғана емес, болашақ жастарға арналған тағылым кітабы. Оқушылар Ауған соғысы, Тәжік - ауған қақтығысы жөнінде біраз мәлімет алып тарқасты.
#ауғансоғысы
#182мектебі
"ЖЫР ЖҮЙРІГІ, МҰҚАҒАЛИ!"
Мұқағали - қазақтың саңлағы, Мұқағали - ән жырдың шаңырағы, Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 15 қаңтар күні №182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жыр жүйрігі, Мұқағали" атты поэзия кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, адамгершілікке, адалдыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Кешке 4 - 8 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сүйінтай Сұлушаш қатысты.
Барлығы 20 оқушы өлеңдерін оқыды.
Ақынның өмір жолымен қызметі жөнінде слайд көрсетілді. Поэзия кешінде оқушылар ақынның "Шыда,шыда", "Поэзия" , "Отан, "Әке," Қара өлең", "Бақыт деген" тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын жырымен сусындады. Поэзия кешін қорытындылаған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сұлушаш Сейділдақызы мәнерлеп оқуда шеберлік танытқан, оқу мен сөйлеу мәдениетін ұштастыра білген оқушыларды жас ерекшілігіне қарай I, II, III орындармен және алғыс хатпен марапаттады. Кеш барысында болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауға арқау болады деп сенеміз.
#182мектеп #оқуғақұштармектеп
#мұқағали #мектептынысы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың мәнерлеп оқуға құштарлығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира "Бас иемін,ана деген тәңірге..." тақырыбында челлендж ұйымдастырған болатын.
Мақсаты: Асыл аналарымызды құрметтеу,қадір-қасиетін түсіну. Сіздердің назарларыңызға бір топ оқушылардың өлеңдерін ұсынамыз.
#оқуғақұштармектеп
#қосымшабілімберу
#басиемінанадегентәңірге

Ол бір туар тұлға, ол тума талант.Қазақ поэзиясының ғұмырнамасында бір басынан тар заманның тауқыметін тайсалмай өткізіп,талайды тамсандырған талапшыл да,турашыл Мағжан Жұмабаевтай ақын кемде-кем.Өмірінің талай жылын тар қапаста өткізген қайраткер ақынның басынан кешкен ғұмыры мыңдаған тағдырдың таразысына тартсаңда жетпес. Назарларыңызға дара тұлға, ақын, алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың "Сағындым" өлеңін ұсынамыз.
Мақсаты: Ақын Мағжан Жұмабаевтың тағдырын өлең арқылы жеткізу.Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, мәнерлеп оқуға баулу. Оқыған: мектебіміздің көркем сөз оқу өнерінің шебері, оқу үздігі, "Жас Ұлан" ұйымының көшбасшысы Шалабай Диана Тілесқызы
#МағжанЖұмабаевпедагогикасы
#Сағындым

Ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп,жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып,балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен түсірілген "Әжемнің ертегісі " кітапханалық жобасын назарларыңызға ұсынамыз. Балаларды тәрбиелеудің құралы әдебиет,оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры - ертегі.Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп,арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
#әжемніңертегісі

КІТАП- АСЫЛ ҚАЗЫНА
Бүгін мектеп кітапханасында 23-сәуір "КІТАП " күніне орай "Кітап-асыл қазына" тақырыбында кітапханалық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: кітаптың адам өмірінде маңызды орын алатынын көрініс арқылы көрсету. Кітапхана сағатында 5-сынып оқушылары кітап туралы өлең жолдарын орындаса, 9-сынып оқушысы Асылбек Ақбота "Кітаптың құндылығы" туралы ертегіні мәнерлеп оқып, Темірхан Аружан кітап туралы қызықты деректер келтірді. Сонымен бірге 6-сынып оқушылары Санжар мен Жаннұр "Кітап пен оқушы" арасындағы диалог арқылы кітаптың оқушыға ренішін жеткізді. Ал Назерке мен Ернұр өз көріністерінде оқушыларды кітап оқып рухани бай, білімді болуға шақырды. Кітапханалық сағатты тәрбие ісінің орынбасары Жанділов Жасұлан қорытындылап оқушыларға кітаптың адамзатқа берер тәрбиесі өте зор екендігін айтып,іс-шараға қатысқан оқушыларға өз алғысын білдірді.
Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру және "Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі" атты қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закираның ұйымдастыруымен "Үздік оқырман отбасы" сайысы болып өтті. Сайысқа "Дошмахановтар", "Жәнділовтер" және "Дүйісовтер" отбасы қатысты. Сайыс мына кезеңдер бойынша өткізілді:
1."Сұрасаң менің тегім"
2."Ұшқыр ой"
3."Кім тапқыр?"
4."Мақал-сөздің мәйегі"
5."Жұмбақтар шешу"
6."Өнерлі отбасы"
Сайысқа өздерінің білімділіктері мен тапқырлықтарын және оқу мен сөйлеу мәдениетін керемет ұштастыра білген "Дүйісовтер" отбасы І орынды иеленді. Және "Дошмахановтар" мен "Жәнділовтер" отбасы мектеп директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
#оқуғақұштармектеп
#қоғамдықпәндербірлестігі
#онкүндік

Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында балалардың мәнерлеп оқуға құштарлығын арттыру мақсатында N 182 орта мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира ұйымдастырған ақын,ғалым,педагог, аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай "Ұлт Ұстазы" тақырыбындағы челленджді назарларыңызға ұсынамыз.
#оқуғақұштармектеп
#ұлтұстазы
#Ахмет150жыл
#қосымшабілімберу.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бағытында мектеп кітапханасында жыр алыбы, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаевтың 175 жасқа толуына орай "Ұлы сөз шебері" атты жыр эстафетасы өткізілді.Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың жырларын оқи отырып, оқушыларды патриоттыққа, өз елін, жерін қастерлеуге, сүюге тәрбиелеу. "Қақаған қар аралас соғып боран , Ел үрейі-көк найзалы жау торыған. Байғара,Жамбыл,Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан"- дейді Жамбыл ақын. Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы,Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.Арғы аталары дәулетті болғанымен Жамбылдың әкесі шаруа кісі болған.Жүз жасаған ақын қазақ поэзиясының алыбы ғана емес, ХХ ғасырдың Гомері атанды.Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын әлемге танытты.
#оқуғақұштармектеп
#қосымшабілімберу
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 25 қазан- Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған "Республикам менің" атты челленджіне қатысушы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара ауылы №182 орта мектеп кітапханасының оқырмандары.
#Оқуғақұштармектеп
#Республикамменің
#Туғанжер
#Отан

№182 орта мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы"тақырыбында патриоттық поэзия кеші өткізілді. Поэзия кешіне 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, жыр жолдарынан шашу шашты.
#Республикакүні
#25қазан
#Қазалыауданыныңбілімбөлімі

МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
"Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасын іске асыру аясында N 182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастаруымен ағартушы,педагог Ыбырай Алтынсариннің "Кел,балалар оқылық" кітабынан әңгімелері мен өлеңдерінен 4- сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру,оқу мен сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.Мәнерлеп оқуды қорытындылаған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Темірбекұлы қатысқан оқушыларға алғыс айтып марапаттады. Мәнерлеп оқу барысында өзінің даусының ерекшелігімен көзге түскен, оқу мен сөйлеу мәдениетін ұштастыра білген 4-сынып оқушылары Талғатқызы Назерке,Темірхан Ұлжан, Өмірбекқызы Ұлту ,Сәбит Еркеназ "Мадақтамамен" марапатталды.Сонымен бірге "Алғыс хатпен" басқада қатысқан оқушылар марапатталды.
#оқуғақұштармектеп
#ЫбырайАлтынсарин
"ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ
Облыстық оқу орталығының N 894 хатына сәйкес 2022 жылдың 18 қарашасы күні "Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасын іске асыру мақсатында N 182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Үздік оқырман отбасы " байқауы болып өтті.Байқаудың мақсаты: балаларға отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін түсіндіре отырып, татулыққа тәрбиелеу.Ана тілін,туған жерін сүю арқылы олардың патриоттық сезімдерін ояту. Байқауға үш отбасы Сәбитовтар,Әбіловтер,Майбалаевтар отбасылары қатысты. Отбасылар мына байқау шарттары бойынша :
1."Кітап және менің отбасым" бейнебаян (3 мин)
2."Отбасымыздың сүйікті кітабы" сахналық көрініс (5-7 мин) 3."Ерте,ерте,ертеде..." ертегі құрастыру (5 мин)
4."Білімнің көзі-кітапта" сұрақ-жауап кезеңі. 5."Отбасы шығармашылығы" (поэзия) бақ сынасты.Нәтижесінде Майбалаевтар отбасы l орынды жеңіп алды.Сәбитовтер отбасы ll -орынды, lll - орынды Әбіловтер отбасы иеленді.Барлық отбасылар сыйлықтармен мектеп басшының мадақтамасымен марапатталды.
#Үздікоқырманотбасыбайқауы
#Оқуғақұштармектеп
#Қосымшабілімберу
"Біз бақытты баламыз" апталық барысында,"Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасы аясында 182 мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар" интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлау қабілетін , сөйлеу мәнерін жетілдіру.Оларды білімділікке, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 6 қатысып оқушы Бәйге, Жорға, Дода, Эссе жазу, Шрифтограмма шешу, Біліміңді шыңда кезеңдері бойынша бақ сынасты.Сайысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанділов Жасұлан және мектеп дефектологі Жүніс Жания сарапшылық етті. Сайыста өзінің білімділігімен, шапшаңдығымен,ой жүйріктігімен танылған 8 «а»сынып оқушысы Қуандық Жанәділ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" дипломымен марапатталды."Алғыс хатпен" 8 «б» сынып оқушысы Костыркин Илья марапатталды.
Басықара ауылдық клубпен ,182 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған "Бір тойым бар" тақырыбында поэзия кеші өткізілді.Кешке ауылдық клуб қызметкері Мырзатаев Әли қатысты. Кештің мақсаты:Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру.Өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу.Кеш барысында 6,7,8-сынып оқушылары ақынның"Бір тойым бар","Табиғатпен бетпе-бет","Алматыға,""Ана,""Адамдар","Досқа сын,""Барсакелмес,""Апаларым" "Менің халқым қашаннан ұлы болған"өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Поэзия кешінің қорытындылаған ауылдық клуб қызметкері Мырзатаев оқушыларға алғыс айтып марапаттады.
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БУКТРЕЙЛЕР БАЙҚАУЫ
Халықаралық балалар кітабы күніне арналған республикалық "Буктрейлер " байқауына қатысушы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің 11-сынып оқушысы Шалабай Диана Тілесқызы. Назарларыңызға Мағжан Жұмабаевтың Максим Горькийден аударған "Ана" әңгімесін ұсынады. Бұл әңгімеде өз Отанын сатқан ұл мен өз ұлтын қорғап қалған қайсар ана туралы айтылған.
#читаемвместесөркен
#өркеноткрытаякнига
#буктрейлер
#оқуғақұштармектеп
#182мектепкітапханасы

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН БІРГЕ ОҚИМЫЗ"
"Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасы аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастырған көктемгі демалыс кезінде "Әлем әдебиетін бірге оқимыз" тақырыбындағы іс-шарасына Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің 4-сынып оқушысы Қалдыбек Қарақат "Холли ана" ертегісін оқып достарымен бөлісті.
#Әлемәдебиетінбіргеоқимыз
#Қазалыауданы
#Басықараауылы182мектеп
#Оқуғақұштармектеп
#Кітапғажайыптарәлемінде

МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
Ақпараттық Time жобасы бойынша 24 сәуір күні мектеп кітапханасында жазушы Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романы бойынша 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романын оқып, талқылау Әйелдердің бас бостандығы, олардың қоғамдағы жағдайы туралы баяндау. Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романы 1910 жылы жарық көрген. Романның оқиғасына арқау болған мәселе ескі әдет -ғұрыптың тұтқыны болған қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Оқушылар осы роман желісі барысында өз ойларын айтып пікір алысты. Романдағы кейіпкелерге оқушылар жеке-жеке мінездеме берді. "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи -әлеуметтік шындықты шынайы бейнелеген шығарма.
#QazalyParlamenttynysy
#оқуғақұштармектеп
КІТАП —РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАСТАУЫ"
Дүниежүзілік кітап күніне байланысты №182 орта мектеп кітапханасы "Кітап -рухани құндылықтар бастауы" тақырыбында челлендж ұйымдастырды.
Челлендждің мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген құрметін, сүйіспеншілігін қалыптастыру, дамыту, кітап арқылы оқушылардың жан дүниесін кеңейту.
Челленджді назарларыңызға ұсынамыз.
#оқуғақұштармектеп
#челлендж
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
"1 мамыр — Қазақстан халықтарының ынтымақ пен бірлік күніне" №182 орта мектеп кітапханасында "Ел бірлігі - ең асыл қазына" тақырыбында көрме ұйымдастырылып 4-сынып оқушыларына таныстырылды. Көрменің мақсаты: 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, достыққа, татулыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқада халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Көрме арқылы оқушылар әр түрлі ұлттардың соның ішінде орыс, өзбек, қазақ, қырғыз, ұйғыр, украин халықтарының ұлттық киімдерімен, тағамдарымен танысты. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, бірлігі мығым болсын. Ұлттар достығы жасай берсін.
#ынтымақ
#Елбірлігіасылқасиет
#көрме
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ 10 мамыр күні №182 орта мектеп кітапханасында алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармалары насихатталды. Шараның мақсаты: Алаш қайраткелерінің мұраларын насихаттау, оқушыларды өз елін,тілін сүюге тәрбиелеу. Шығармалары арқылы адамгершілікке, мейрімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
#алашқайраткерлерініңмұраларыннасихаттау
#оқуғақұштармектеп
#182мектепкітапханасы
#Басықараауылы
#Оқуғақұштармектепкүзгідемалыста
#182ортамектепкітапханасы
#Күздебізжалықпаймызкітапоқимыз
Балалар кітапханасы жобасы аясында ,Оқуға құштар мектеп бағытында "Бір ел-бір кітап" акциясы барысында "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында №182 орта мектеп кітапханасы буктрейлер ұйымдастырды. Буктрейлердің мақсаты:Оқушының кітап оқуға қызығушылығын арттыру,есте сақтау қабілетімен ,сөйлеу мәнерін қалыптастыру.6-сынып оқушылары жасаған буктрейлерді назарларыңызға ұсынамын.
#Балаларкітапханасыжобасы
#Оқуғақұштармектеп
#Бірелбіркітап
#Меніңсүйіктікітабым
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"Жеткеншектің жеті жарғысы" бағытында "Кітапхана - әлем қызығы"тақырыбында №182 орта мектеп кітапханасы 15 қараша күні 1 "а","б"сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырды. Барлығы 34 оқушы. Мақсаты: Оқушыларды кітапхана ережесімен таныстырып, кітапты таза ұстауға үйрету,кітап оқуға қызықтыру, өз бетінше ізденіп оқуға талпындыру. Оқушыларға кітаптың маңыздылығы жөнінде сипаттама берілді. Балаларға түрлі -түсті тақырыптағы ертегілер, кітапшалар ұсынылды. Балалар түрлі кітаптарды қызықтап қарап, көңілді тарқасты.
#Жеткеншектіңжетіжарғысы
#182мектепкітапханасы
#Оқуғақұштармектеп
#Балаларкітапханасыжобасы
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!"
Сұлтанмахмұт Торайғыров
"Оқуға құштар мектеп" бағытымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты №182 орта мектеп кітапханасы "Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр" тақырыбында поэзия кешін өткізді.
Поэзия кешінің мақсаты:
Қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармаларымен танысу, өлеңдері арқылы болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету. Кеште ақынның өмірбаяны, шығармалары оқушыларға таныстырылды.Аса көрнекті ақын 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған.1920 жылы жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды.Ұлт үшін күрескен қайраткер Сұлтанмахмұт Торайғыров - 27 жас өмір сүрсе де артына мол мұра қалдырған қаламгер. Кеште оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды."Шығамын тірі болсам адам болып", " Мен қазақ", "Шәкірт ойы" тағы басқа. Кеш соңын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Нурмаганбетова қорытындылап, оқушыларға алғыс айтты.
#Біртұтастәрбие
#Оқуғақұштармектеп
#Балаларкітапханасы #182мектепкітапханасы
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының "Оқуға құштар мектеп" пен мектеп кітапханасы жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шараларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдары аясында Басықара ауылындағы N182 орта мектептің 5 "Б" сынып оқушыларының қысқы демалыста оқыған кітаптарынан үзіндіні ұсынамыз!
#Қыстакітапоқимызжадымызғатоқимыз
#Оқуғақұштармектепқысқыдемалыста
#Біртұтастәрбие
#Қазалыбілімбөлімі
#182ортамектеп
#балаларкітапханасы

5»б» сынып оқушылары Ұлықпан Зибанұр, Темірхан Ұлжан, Әлдебай Альмира қысқы каникул кезінде оқыған кітаптарымен бөлісті.
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА #ЕҢКӨПОҚИТЫНСЫНЫП БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
"Оқуға құштар мектеп" мемлекеттік жобасын дамыту мақсатында және "Балалар кітапханасы" жобасы аясында №182 орта мектеп кітапханасының үйымдастыруымен "Ең көп оқитын" сынып байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету,кітап оқуға саналы түрде баулу. Өз беттерімен ізденуге тәрбиелеу. Оқырманның әдеби кітапқа қызығушылығын арттыру. Байқауға 5"б"-сыныбы, 6-сынып, 7-сынып оқушылары және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Нұрмағанбетова қатысты. Байқау шарттары бойынша 1.Таныстыру 2."Жақсы кітап-жан азығы"(кітап жарнамалау). 3."Бейнелер әлемі шақырады"бұл кезеңде бір образды сомдау арқылы актерлік қабілетін көрсетеді. 4."Кітап үйі-кітапхана" бейнебаян ( кітап оқу тәсілдерін көрсету).Осы төрт кезең бойынша сыныптар өздерінің білімділіктерін, кітап жарнамалауда автормен,оның шығармасының мазмұнына шолу жасады.Образды сомдауда актерлік шеберліктерін,кітап оқудағы тәсілдерін көрсетті.Байқау қорытындысымен 6-сынып l- орынмен , 5-сынып ll-орынмен , 7-сынып lll -opынмен марапатталды.
#біртұтастәрбие
#еңкөпоқитынсыныпбайқауы
#оқуғақұштармектеп
#балаларкітапханасы
#182мектепкітапханасы
"МЕН ОҚЫДЫМ ЖӘНЕ СІЗГЕ КЕҢЕС БЕРЕМІН"
Облыстық оқу орталығының 11.01.2024 жылғы санды хатына сәйкес кітап оқуды насихаттау мақсатында, "Мен оқыдым және сізге кеңес беремін" библио-кросс. Балалар кітапханасы жобасы аясында "Мен оқыдым және сізге кеңес беремін"тақырыбында №182 орта мектеп кітапханасы библио-кросс дайындаған едік.
Мақсаты: Ақын-жазушылардың шығармаларын дәріптеу арқылы, жас ұрпақты парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу, авторлар мен көркем шығарманың жан-жақтылығын көрсету. Оқырманның тұлғалық өсуіне ықпал ету,оқу сауаттылығын арттыру. Оқушылар оқыған кітаптарының мазмұнына шолу жасап,оларды оқуға ұсынды. Назарларыңызға осы тақырыптағы бейнероликті ұсынамын.
#меноқыдымжәнесізгекеңесберемін
#балаларкітапханасы
#біртұтастәрбие
#182ортамектепкітапханасы
#кітапханажәнеқосымшабілімберу
Кітапхана туралы мәлімет
№182 орта мектеп кітапханасында 2023-2024 оқу жылында
1. Мектеп кітапханасының материалдық-техникалық базасы Мектеп кітапханасы -2 қабатта орналасқан. Кітапхана ауданы (шаршы метр)-36,10кв/м
Абонемент, оқу залы бар.Оқу залының отыратын орындықтар саны -16
2. Мектеп кітапхананың материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі Стелаж-8, компьтер,принтер
3.Мектеп кітапханасының кадрлары туралы мәлімет
Кітапхана штаты-1
Кітапхана меңгерушісінің білімі (оқу орны , мамандығы, бітірген жылы)-жоғары «Болашақ»университеті. Мамандығы:Кітапханатану және библиография.Бітірген жылы 2011 жыл.Жалпы кітапханашылық еңбек өтілі-28 жыл
4.Қор туралы мәлімет
1.Кітап қоры -10887
2. Мектеп оқулықтары -7448
3. Жаңа буын оқулықтары-4529
4.Көркем әдебиет- 1484
5. Әдістемелік кітаптар-1693
6. Электронды оқулықтар -262
Кітап қорындағы көркем әдебиеттер, орыс әдебиеті алфавит бойынша орналсқан.Қалған әдебиеттер білім саласы бойынша кітапхананың библиографиялық жіктеу таблицасы ретімен орналасқан.Оқулықтар сынып бойынша реттеледі.
Кітапхананың библиографиялық жіктеу таблицасы.
2.Жаратылыстану ғылымы
3.Техника.Техникалық ғылымдар
4.Ауыл және орман шаруашылығы
5. Денсаулық сақтау.Медицина
6/8. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымда60. Қоғамдық ғылым
63. Тарих. Тарих ғылымдары.
65. Экономика .Экономика ғылымдары.
66.Саясат. Саясат ғылымдары
67. Мемлекет. Құқық
68.Әскери іс. Әскери ғылымдар
70/79. Мәдениет. Ғылым.Ағарту.
80/84. Филология ғылымдары. Көркем әдебиет
85. Өнер
86.Дін. Еркін ойлау
87. Философия
88.Психология
9. Анықтамалар. Энциклопедиялар
5. Мектеп кітапхана жұмысының көрсеткіштері
Оқырман саны -280
Соның ішінде: 1-4 сынып оқушылары-71
5-9 сынып оқушылары-125
10-11 сынып оқушылары -26
Мұғалімдер-38
Техникалық қызметкерлер, басқалар-20
Кітапханаға келу саны-1388
Оқылым :Берілген кітаптар саны-3888
6. Жалпы биылғы оқу жылында кітап қоры жаңа әдебиеттермен 165 дана көркем әдебиетпен толықты. Балаларға арналған түрлі –түсті кітапшалармен, аудиокітаптармен толықты .Бұл әдебиеттерді мұғалімдер мен оқушылар өз қажетіне пайдалануда .
7. 2023-2024 оқу жылында 146 дана оқулық алынып оқушылар оқулықпен 100% қамтылды.
8 .Баспасөзге байланысты мектеп кітапханасы республикалық « Егемен Қазақстан» газетін, облыстық «Сыр бойы» газетін, аудандық «Қазалы» газетін алады.Мұғалімдер өзіне қажетті газет , журналдарды жаздырып алып пайдаланады.
9. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі»тақырыбында көрме, «Ұстаз- мектептің жүрегі», « ҰБТ-ға дайындыққа көмекші құралдар» бұрыш, «Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі сөз» сөз жарыс, «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты шара,Балалар кітапханасы жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым», «Жеткеншектің жеті жарғысы» бағытында «Кітапхана –әлем қызығы» тақырыбында кітапханаға саяхат, «Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр» Ақын Сұланмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл поэзия кеші, «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шара, «Ең көп оқитын сынып» байқауы, «Мен оқыған ертегі», «Парасаттылық туралы» туралы «Туған өлке ақындарының шығармалары» тақырыбында буктрейлер жасалындыКітапханашы: З.Қоңырбаева