Психологиялық түзету - дамытушылық
Тақырыбы: "Ақ парақпен жұмыс " тринингі.
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күй көтеру барысында қиыншылықтан арылту . ҰБТ оқушыларын қиыншылықтан арылту. Психологиялық серпіліс.
Тақырыбы: "Үрленген шар" сергіту жаттығуы.
Мақсаты: Өзіне деген сенімділік сезімін дамыту. Оқушылардың көңіл-күйін көтеру барысында қиыншылықтан арылту. Психологиялық серпіліс.
Түзете-дамыту
"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ"
Басықара ауылындағы №182 орта мектебінде 2023 жылдың 5-желтоқсан күні мектеп медбикесі Сансызбаева Назым оқушыларға нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, есірткі заттарының адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында 8—11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ—ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ Басықара ауылындағы №182 орта мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында 14—15 қараша күндері мектеп психологы Санімкул Айғабыл 6,7,8,9,10,11 сынып оқушыларына суреттер салғызып, сауалнама алып, түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Мақсаты:
-қоғамдық қатыгездік пен немқұрайлылықтан қорғау;
-қатыгездікке төзбеуге шақыру;
-өздерін қорғай білуге, кез келген зорлық—зомбылықта көмек сұрай білуге түсінік қалыптастыру;
-құқықтық қорғау деңгейлерін арттыру.
МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
"КИБЕРБУЛЛИНГ ДЕГЕН НЕ?"
№ 182 орта мектепте 9 қазан күні мектеп психологы Айғабыл Сәнімкүл 9 сынып оқушыларына құқықтық сабақ өткізді.
Таным сағатында: Оқушыларға буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
“Буллинг”, “Кибербуллинг” сөздерінің мағынасын ашу, таныту;
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және лездік хабарламалар қосымшалары арқылы интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылықтарды болдырмау;
Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
