"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Кіру
AA+
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев

 « Мектепке жол » акциясының өту барысы туралы

2023 - 2024 оқу жылында №182 мектепте «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты : Мектепке келе алмай отырған тұрмыс – жағдайы төмен отбасы балаларын оқумен толық қамтылуы мен себепсіз қалуын болдырмау. «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды қамту және қорғаншы, ата - ана қамқорлығынан айырылған, және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамту көзделді. Акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды қамту және қорғаншы, ата - ана қамқорлығынан айырылған және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамтылды. Демеушілер, жеке кәсіпкерлер, аудандық кәсіподақ ұйымы, ауыл әкімшілігі, мекеме басшылары тарапынан осы категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды. Ата-аналар тарапынан көмек сұраған барлығы 70 ге жуық өтініш келіп түсті. Келіп түскен сұранысқа сәйкес барлық отбасыға көмек берілді. Мектеп директорының бастамасымен, мектеп әкімшілігі қолдап биылғы мектепке жол акциясына демеушілік етті. 15 отбасыға мектеп рюкзагы мен оқу құралдары және он оқушыға мектеп формасы берілді.