ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Басықара ауылындағы №182 орта мектебінде 2024 жылдың 23 қаңтар күні ДТЖЖО Ж.Нұрмағанбетованың ұйымдастыруымен мектептегі “ҚЫЗҒАЛДАҚ” қыздар ұйымымен дөңгелек үстел өткізілді.
#біртұтастәрбие
#182ортамектеп
"Төрт тоқсанға төрт өнер" жобасы аясында Басықара ауылындағы N182 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ағыбаева Жаңагүл 6-сынып қыздар арасында “Тоқыма
бұйымдарын тоқу” барысында ыстық ыдысқа арналған сүлгіше, телефон қаптамасын т.б әртүрлі бұйымдардың тоқылуын үйретті.
Мақсаты:
қыздарды ептілікке, шеберлікке, тазалыққа тәрбиелеу;
тоқыма тоқу арқылы түрлі-түсті бояулар үйлесімділігін, түрлі тоқу әдістерін меңгерту; оқушының талғамын, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамыту.
#біртұтастәрбие
#182ортамектеп
АҚПАРАТТЫҚ ДАЙДЖЕСТ
Басықара ауылындағы №182 орта мектебінде қыз балалар арасында ұлттық нышандарды дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ақпараттық дайджест жоспарына сәйкес «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» челленджін жолдайды.
Челленджді #92мектепке жолдаймыз.
Мақсаты: қыз баланың сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін, эстетикалық талғамының жоғарылығын көрсету.
Мектебіміздің 6—сынып оқушылары жетекшісі Мархаббат Ахметова бірге
#Біртұтас_тәрбие
#Ақпараттық_дайджест
#182ортамектеп

"ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР, ТҮРЛІ АЛДАНУЛАР"
Басықара ауылындағы №182 орта мектебінде ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша 8—11 сынып қыздар арасында жиналыс болып өтті.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Нурмаганбетова , мектеп психологы Санімкул Айғабыл қыздар арасындағы жат қылықтарға бой алдыру, ерте жүктілікке ұрыну, қыздар арасындағы өзара қарым-қатынас, мектеп формасының сақталуы, смартфон телефон қолдану тәртібі, кибербуллинг қауіпсіздік ережелері т. б мәселелер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге, қыздар арасында болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зияндығы жөнінде айтып өтілді. Жиналысқа оқушылармен бірге сынып жетекшілері қатысты.
ТӨРТ ТОҚСАНҒА ТӨРТ ӨНЕР
“Төрт тоқсанға төрт өнер” жобасы аясында “Ұлттық өнер” көрмесіне 5 "б" сынып қыздар арасында “Қағаздан жасалған бұйымдар “ бөлімі бойынша “Аппликация”. “Квиллинг” тақырыбында қағаздан әртүрлі бұйымдар жасады. Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, аппликация, квиллинг тәсілдері арқылы әдемілікті сезіне білді. Аппликация және квиллинг жұмыстарын өте әдемі жасады.
#біртұтастәрбие
#182ортамектеп
| № | Атауы | Файлды қарау |
|---|---|---|
| 1 | Қыздармен жұмыс жоспар | Файлды қарау: jumys jospar.pdf |