Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды.Өткен оқу жылында білім беру ұйымдарының тәрбие бағытындағы жұмыстарының мазмұнын толықтыру мақсатында «Мектеп театры» жобасы қолға алынған болатын. «Мектеп театры» жобасын енгізудегі мақсат – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау.
Аталған жоба аясында мектебімізде бастауыш сыныптар аралығында «Ертегілер елінде» тақырыбында,МАД тобы: Мақта қыз бен мысық ,2сынып оқушылары» Бауырсақ»ертегісі, 4асынып «Біреуге ор қазба» ертегісі ,4б сынып «Жыл басына таласқан хайуанаттар» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
5-8-сынып оқушылары арасында «Көркем әдебиет сахна төрінде» тақырыбында сахналық қойылымдар өткізді. Онда 5 сынып оқушылары «Менің атым Қожа», 6 сынып оқушылары қоғам қайраткері М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»,7сынып оқушылары А.Байтұрсыновтың «Анама хат»,8«б»сынып оқушылары М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» тақырыбында сахналап, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың театрға деген қызығушылығы өте жоғары. Әрбір кейіпкердің рөлдерін сомдауға барын салып, кейіпкердің образын ашуға тырысты. Іс-шара соңында ролдерді сомдаған оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Театр-тәрбие және мәдениет ошағы»тақырыбында «Тақиялы періште»фильмінен сахналық қойылым көрсетіп,би биленді.Іс-шара соңында дефектолог: Жүніс Жания тренинг жүргізді.
Қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай аудандық мектеп театры ұжымдары арасында өткізілген «Темірбек Жүргенов-тарихи тұлға,ұлт жанашыры» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіп ,алғыс хатпен марапатталды. «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дарабоз» V республикалық байқауына «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша оқушыларымыз бас жүлдені жеңіп,дипломдармен марапатталып,суперфиналға жолдама алды.
«Мағжан педагогикасы оқу мен сөйле,сөйлеу мәдениетінде қазіргі педагогикадан ерекшелігі»тақырыбында өткен аудандық семинарға сахналық қойылым көрсетіп алғыс хатпен марапатталды.

Бастауыш ардагерлер ұйымының ұрпақтар сабақтастығын жастарға үлгі өнеге көрсету мақсатында өткізілген «Тірлігімнің арнасы-ғұмырымның жалғасы» атты іс-шарада «Ұлт поэзиясының падишасы» тақырыбында оқушыларымыз сахналық қойылым көрсетіп,алғыс хатқа ие болды.
Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылар арасында «МАСКА ШОУ» өтті.Шоу өте қызықты әрі тартымды өтіп,қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Басықара ауылдық клубының ұйымдастыруымен мәдениет саласының ардагері,киномеханик,марқұм Рамберді Әбдірамановтың 80 жылдығына орай өткізілген«Балалық шағымдағы ең жылы естелік» атты аудандық ескі кинолардан сайыс өткізілген. Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмін сомдап шығып,нәтижесінде дипломдармен марапатталған.
Тәуелсіздік мерекесіне орай мектепішілік 3-4 сынып оқушылары арасында «Тарихи тұлғалар тағылымы» тақырыбында би,шешендердің өнегелі сөздерінен, қазақтың билері Төле,Қазыбек,Әйтеке билеріміздің шешендік сөздері мен артына қалған аталы сөздерінен сахналық қойылым көрсетіп,өз өнерлерін ортаға салып, нәтижесінде көзге түскен оқушыларды бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен мараппаталған.

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында 5-11 сыныптар арасында «Тарих пен тіл тамырлас» атты сахналық қойылымдар көрсетіп,онда 5-8 сынып оқушылары бірігіп «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама»тарихи көрініс қойса, 9-11 сынып оқушылары арасында «Желтоқсан оқиғасы»тақырыбында сахналық қойылым көрсеткен.
М.Әуезовтің 80 жыл толуына орай «Әуезовтің құстары» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілген.
Талантты балалардың басын біріктіретін театрдың балаларға берері көп. Жобаның мүшелері де сахнада өздерін еркін ұстауға, кейіпкер бейнесін ашуға, шығарманың мазмұнын толық түсініп, сахналап шығуға машықтанып келеді. Мектеп театры жобасы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа таланттардың жолын ашары сөзсіз.
| № | Театр жоспар | Файлды қарау |
|---|---|---|
| 1 | Театр жоспар | Файлды қарау: teatr.pdf |