ДЕБАТ ӨТКІЗІЛДІ
“Интернет кітаптың орнын алмастыра ала ма ?” тақырыбында Дебат пікірталас 7-8 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүйінтай Сұлушаш өткізді.
Мақсаты: оқушылардың танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру;кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,бүкіл әлемдік -интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту. Оқушылар екі жақ болып пікір таластырып өз ойларын жеткізе білді.
Қаңтар айының жоспарына сәйкес мектебіміздің дебат клубы және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Бұл палата Қазақстанда қарттар үйі болмауы керек деп есептейді?" тақырыбында мектепішілік дебат ойыны өткізілді.
Сайыста 9"а" және 9"б" сынып оқушыларының «Парасат» және «Зерде» фракциялары қатысып екі топ өздерінің жинақтаған материалдарын, ұтымды дәлелдерін келтіре отырып ойынды жоғарғы деңгейде өткізді.
Оқушылар ойларын ашық жеткізе алды.
Мақсаты: оқушылардың бойында еркін сөйлеу, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
#мектеппарламенті
#мендебатермын
#182ортамектеп
#дебат
| № | Атауы | Файлды қарау |
|---|---|---|
| 1 | Дебат клубы жоспар | Файлды қарау: debat.pdf |