"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Кіру
AA+
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
2024 жылдың 16 қаңтар күні Басықара ауылындағы №182 орта мектебінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі  орынбасары Ағыбай Асылбектің  және «Өзін - өзі басқару» ұйымы мен жасұландықтардың ұйымдастыруымен «Профи Time» мамандықтар әлемінде тақырыбында студенттермен кездесу  кеші болып өтті.  Мақсаты - оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда бағыт - бағдар беру, адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы және қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар, болашақтың мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.  Кездесу кешіне жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер, 9,10,11 - сынып оқушылары  қатысты. Кездесу барысында  қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жоғары сынып  оқушылары студенттерге  өз  сауалдарын қойып, мамандықтың қыр - сыры туралы кеңінен мағлұматтар алды. Кеш барысында мектебіміздің      Алтын белгі иелері, 2023 жылғы түлектер, Әбдіхалымов Абылайхан, Шалабай Диана, Серікбай Мерей оқушыларға Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге тиімді дайындалу жолдарын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кеш соңында студенттер өз өнерлерін көрсетіп ақ тілектерін білдірді.

{gallery}it5/bagdar/gal1{/gallery}

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН 5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

{gallery}it5/bagdar/gal2{/gallery}