Дарынды балалармен жұмыс
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты, білім алушыларға қойылатын талаптар да зор. Оқытушының басты мақсаты — бәсекеге қабілетті, шығармашыл әрі дарынды жеке тұлға қалыптастыру. Дарынды баламен жұмыс жасай отырып, оның дамуына үлесін қосу әрбір оқытушының міндеті.
Дарынды бала деген кім? Педагогикалық тұрғыда дарындылық ұғымына бірнеше анықтамалар көрсетілген. Сол анықтамалардың бірі — дарындылық әрбір тұлғада қалыптасқан, тек оны дамыту үшін бірнеше уақыт керек деген екен. Кейбіреуінің анықтауынша дарындылық әрбір жандарда кездесе бермейтін, сирек әрі ерекше қабілет деп біледі. Ғылыми деректерге сүйенсек, балалар дарындылығы саласындағы танымал маман Н. С. Лейтес дарынды балаларға тән үш категорияны көрсетеді:
• Интеллектуалдық қабілеті жоғары балалар;
• Белгілі бір салада жетістіктерге жеткен балалар (олимпиада);
• Шығармашылық қабілеттері жоғары балалалар, яғни, параметрлерге сәйкес үлкен нәтиже көрсеткен оқушы дарынды болып саналады.
Оқушылардың сапалы білім алып, жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін оқытушы. Заман талаптарына сай оқытушының жаңа әдістер мен технологияларды меңгеріп, жан жақты болуы маңызды болып табылады. Дарынды балалармен жұмыс барысында оқытушының мына қабілеттерді меңгеруі ескеріледі:
• Оқу бағдарламасын қамтамасыз ету (жаңарту, кеңейту, өзгерістер енгізіп отыру);
• Әр оқушыға индивидуалды бағыт көрсете отырып, консультация жүргізу;
• Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;
• Маңызды психолого-педагогикалық шешімді қабылдау;
• Оқытушының және сыныптың оқу материалдарына нализдеу;
• Ұжымдық шығармашылық істерге материал таңдап, дайындау.
Дарынды балалармен нәтижелі жұмыс жасау үшін оқытушы дәстүрлі оқу үрдісінде кең таралған таптаурындардың бірін ұмытуы керек, онда оқушы білім беру процесінің субъектісі ретінде емес, педагогикалық ықпал ету объектісі ретінде қарастырылады. Нені үйрену емес, қалай үйренуге басты назарды аудару керек. Сабақтард аоқушыларды мамандық таңдауға дайындау мақсатында практикалық бағыттағы тапсырмаларды талдап, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы жетістіктер туралы мағлұматтарды тыңдаған жөн. Оқушыларды сабаққа дайындау кезінде қосымша әдебиеттермен, интернет ресурстармен жұмыс істеуге ынталандыру қажет.
Оқушының дарындылығын арттыру мақсатында оқытушының ана-анамен тығыз байланыста болуы маңызды. Ата-ана бала өмірінде ең басты рөл ойнағандықтан, оның бағыт-бағдар беріп қолдауы әрбір бала үшін ерекше. Оқытушы баланың белгілі бір саладан қабілетін емес талантын байқаған болса, оның ата-анасымен ақылдасып, кеңес беруі жөн. Ал ата анна баланың қабілеттерін шыңдау, дамыту мақсатында әртүрлі курстарға, үйірмелерге немесе спорт алаңына бергені абзал.
Оқытушының басты мақсаты оқушыларды ынталандыру, бағыт-бағдар беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Әр оқушы жеке индивид, біреуінде математикалық тапсырманы жылдам шығару қабілеті болса, екіншісінде сурет салу қабілеті болады, енді біреуі спорт саласына қабілетті болады. Оқытушының міндеті оқушылардың қызығушылықтарымен бөлісу, оларды ескере отырып, одан әрі дамуына үлесін қосу. Бір сөзбен айтқанда, оқытушы үшін әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде көру басты қағида болып табылады.
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден
9-11сыныптар бойынша өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде мектеп оқушылары жүлделі орындар иеленді.
Математика пәні бойынша:
Әбдіхалымов Абылайхан 11 –сынып оқушысы ,аудандық кезең
IІІ орын
Пән мұғалімі: Ахметова Мархаббат
Биология пәні бойынша:
Серікбай Мерей 11 –сынып оқушысы ,аудандық кезең IІІ орын
Мейірімжан Зере 10- сынып оқушысы,аудандық кезең ІІ орын
Пән мұғалімі: Ақбамбетова Асқар
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
Кемал Жандос 9- сынып оқушысы , аудандық кезең ІІ орын
Пән мұғалімі: Мусаева Гулназия
Болатқызы Балауса 10 –сынып оқушысы ,аудандық кезең IІІ орын
Пән мұғалімі: Қалымбетов Болат
Физика пәні бойынша :
Қожабек Нұрсат 9- сынып оқушысы , аудандық кезең ІІ орын
Пән мұғалімі: Балманова Гүлназ
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлдегер атанды.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9- сынып оқушысы Темірғали Құрмет ауданнан I орын,облыстан Алғыс хат,
Жетекшісі Баймағамбетова Жанар
2.Математика пәні бойынша 11 –сынып оқушысы Гүлдәуренұлы Ибраhим ауданнан Iорын, облыстан III орын.Жетекшісі: Абилова Жаңылған
3. Биология пәні бойынша 10 –сынып оқушысы Мейірімжан Зере ауданнан Iорын, облыстан II орын.Жетекшісі: Ақбамбетова Асқар

Юниорлық олимпиада оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылығын арттырады
2022-2023 оқу жылында оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау мен дамыту,ғылыми зерттеушілік қызметке деген қызығушылығын тудыру,оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдайларды жасау,оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру,жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадаға қатысушылар резервін құру мақсатында мақсатында өткізілген юниорлық олимпиадаға қатысқан білім алушыларымыз химия ,математика пәнінен жүлделі орындарға ие болды.
1.Жәдігер Сандуғаш 7- сынып оқушысы,химия пәні бойынша I орын
.Жетекшісі: Пәрназарова Жадыра
2. Асанқызы Салтанат 8- сынып оқушысы ,математика пәні бойынша Алғыс хат.Жетекшісі Асанов Есбол.

ОЛИМПИАДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТАДЫ
Пәндік олимпиада оқушыларды зияткерлікке баулиды,ғылыми білімге қызығушылығын дамытады. 5-6 сынып оқушылары да жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І,ІІ кезеңдеріне қатысып жүлделі орындар иеленді.
1.Математика пәні бойынша 5- сынып оқушысы Қайрат Бахтияр III орын,
Жетекшісі: Ахметова Мархаббат.
2. Қазақстан тарихы пәні бойынша 6- сынып оқушысы Нұрадасыл Илияс III орын.
Жетекшісі: Жанділов Жасұлан
3. тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5- сынып оқушысы Қалдыбек Қарақат
Алғыс хат. Жетекшісі: Сүйінтай Сұлушаш
4.Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 – сынып оқушысы Русланқызы Айым III орын.Жетекшісі: Сәдуақасова Қымбат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Жадымда қалған Желтоқсан» тақырыбында ұйымдастырылған қалалық жас ақындар айтысына мектебіміздің
9- сынып оқушысы Қуандық Жанәділ қатысып, өнерімін ерекшеленіп жүлделі ІІI орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймағамбетова Жанар

2023-2024 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 16 білім беру бағдарламасы бойынша «Алтын түлек» 10- 11 сынып оқушылары математика пәнінен олимпиадаға қатысып жүлделі орындар иеленді,10 пайыздық жеңілдікке ие болды.
1.Дәулет Самал Жетекшісі: Абилова Жаңылған
2.Гүлдәуренұлы Ибраhим Жетекшісі: Абилова Жаңылған
Оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми - жоба жұмысының ролі
«Дарындылық – үш байланыстың үйлесімділігі: интеллектуалды қабілеттілік, шығармашылдық тәсіл және нәтижеге жетудегі ынталылық.»Дж. Рензулли
“Дарындылық табиғатпен берілетін ерекше қабілет”Н.Ожегов.
Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет,бала бойындағы алғырлық, зеректік.
Дарынды оқушыны дамытуда ғылыми жоба жұмысының ролі :
- Ғылыми және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды үйренеді;
- Өзіндік ізденіске бағыт алады;
- Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға бола алады.
- Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге жеткізуге өз үлесін қосады.
Дарынды оқушыларды таңдау барысында назар аударатын ерекшеліктер:
өте белсенді;
танып білуге деген құштарлығы жоғары;
есте сақтау қабілеті жоғары;
сөз қоры мол;
сұрақ қоя біледі;
шыншыл, турашыл;
өздігінен ізденіс жасай алады;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Зерде» Респуюликалық ғылыми жобалар конкурсының I аудандық кезеңі бойынша жүлделі орынға ие болған оұушылар:
1. Қожабек Нұрсат , «Өлкетану »секциясы бойынша III орын.
Жетекшісі: Ахметова Мархаббат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында қткізілген «Дарын»республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінің жүлдегерлері
1. Серікбай Мерей «Қолданбалы математика» секциясы бойынша II орын,,жетекшісі Ахметова Мархаббат
СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Спорт- денсаулық кепілі.Неге десеңіздер спортпен адам мықты, күшті, бұлшық еттері жақсарып, көп энергия алады.Спорттың көп түрлері бар әрқайсысы бір бірінен асып түседі.Кейбір спорт түрлері мидың жақсы істеуіне үлес қосады.Тіпті таңертеңгілік істеген 4-5 жаттығудың өзі денсаулықтын жақсаруына өте көп әсер етеді.Және де спорт арқылы көптеген жетістіктерге жетіп, елдің мақтанышы атануға болады.Спорттың біздің өмірімізге деген маңызы, мағынасы.
Спорт арқылы көзге түсіп мектеп,ауыл тіпті облыс,республикаға шығып жүрген шәкірттеріміз жетерлік.Атап айтар болсақ:
Qazaly LLF Жаз - 2023 жылы 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы ERCOM JUNIOR LEAGUE сайысында 3-орын.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының ашық турнирінде 3-орын. Жетекшісі : Алдажаров Бақытжан
Стол теннисінен 5- 6 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық сайыста Нұрадасыл Илияс,Шакизад Ерзат,Ұлықпан Зибанұр I орын,облыстық кезеңге қатысушы. Жетекшісі: Әжімбет Жақсыгелді Облыстан Шақизад Ерзат «Үздік шабуылдаушы» атанды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында футзалдан «Теңбіл доп» қыз балалар арасында аудандық кезең жеңімпазы,облыстық жарыста жүлделі II орын .Жетекшісі: Прназаров Талғат
Алексеева Тайсия - Қазақстан 10 дүркін чемпионы
2023 жылы Албания Дуррес қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Қазақстан чемпионаты 23 жас 1 орын Қостанай қаласы
Қазақстан чемпионаты 17 жас Талдықорған қаласы 1 орын
Әбдіхалымов Шыңғысхан- Грек- Рим күресінен жасөспірімдер арасында ҚО Чемпионатының жеңімпазы.Бишкек қаласында өткен Грек-Рим күресінен Кадеттер арасында Азия Чемпионатының жүлдегері

Ән — халық мұрасы
Би өнері – биік өнер
Би өнері – балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тамаша құралы. Ол рухани әлемді жалпылайды, баланың жеке тұлға ретінде ашылуына көмектеседі. Қозғалыс, музыка жәнеойынныңүйлесімділігіжағымдыкөңілкүйтудырады.