"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев
Кіру
AA+
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса , қадірлі орын - мұғалімдердікі". М.Жұмабаев

Ашық сабақтар
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің  « Жаратылыстану – әлем  айнасы » атты онкүндіктің ашылуына қош келдіңіздер!
Онкүндіктің   мақсаты: 
-Оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
-Өз Отанының табиғатын қорғай білуге  бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Онкүндік барысында бірлестік мұғалімдері түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізіп,әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып,жеке,жұптық, топтық жұмыстар жүргізді, білім беру платформаларын қолданып, сандық ресурстарды пайдаланды. Ашық сабақтар өз мақсатына жетті.Мұғалімдер өзара сабаққа қатысып,тәжірибе алмаса отырып,белсенділік танытты.
№182 мектепте физика пәні мұғалімі Балманова Гүлназдың ұйымдастыруымен
  11- сыныпта  ""Рентген сәулелері" атты  ашық сабақ берілді.Мұғалім балалармен 3 тілде амандасып 6 түс арқылы 6 топқа бөлді. Де Бононың алты шляпасы әдісімен балалар жаңа тапсырма алды.Топтардың рентген сәулелері туралы мәліметті талқылауы тартысты өтті.Интерактивті тақтада балалардың дайындаған таныстырылымдары көрсетілді. Есептер шығарылды және балалар бір- бірлерін және өз- өздерін бағалау парақтарына бағалады.Жеке тест тапсырылғаннан кейін кеткен қатілектерін жөндеді. Әріптестер сабаққа қатысып сабақты «өте жақсы»деп бағалады.

📝 "АШЫҚ ЕСІК"  КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

 2023 жылдың 20 қазан  күні таңертеңгі сағат 8.30-дан бастап 11.55-ке дейін 5-11 сыныптың математика пәні мұғалімдері "АШЫҚ ЕСІК" күнін өткізді.

р/с

Мұғалімнің аты –жөні

Сынып

Сабақтың тақырыбы

1

Ахметова М

Аралас сандар

2

Ахметова М

6

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу

3

Ахметова М

10

Кері тригонометриялық функциялар

4

Әбілова Ж

7

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

5

Әбілова Ж

Ньютон биномы және оның қасиеттері

6

Әбілова Ж

11

Дискретті және аралық вариациялық қатарлар

7

Асанов Е

Аралас сандар

8

Асаноы Е

8

ТЖБ

9

Асанов Е

Ньютон биномы және оның қасиеттері

"Ашық есік" күнінің мақсатына  сәйкес, аталған сыныптың ата—аналары  кестеге сай сабаққа қатысып, балаларының білім деңгейін бақылады.
Осы күні мектептің 6-8  сынып оқушыларынан құралған  командалар "Сана.Болжа.Тап!"сайысына белсене қатысты. 6 кезеңнен тұратын қызықты, логикаға толы сайыс тартысты өтті. Сайыс нәтижесі бойынша  "Дарын" тобы жүлделі І орынды иеленді. 
Капитандар сайысында 8 -сынып оқушысы Ғабдол Елхан жеңімпаз атанды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0X93HMyHBZBNfYzSqzZcms9vdXRvjS5CpTp17ub5b6pcecogJRXj9gstWDYLxZ5Cdl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

Сабақ тақырыбы: Жарықшақты қол гранатасы
Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі 10-сыныпта «Жарықшақты қол гранатасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді
Сабақ мақсаты: Қол гранаталарының құрылысымен танысады
Сабақтың мақсаты:
1.Жарықшақты қол гранаталарының  (РГД – 5, РГН , Ф-1, РГО) қолданылуы, ұрыстық сипаттамаларын, гранта мен тұтандырғыштың құрылысын біледі.
2.Лақтырған кездегі гранатаның бөлшектері мен механизмдерінің жұмысын түсінеді.
3.Гранатаны лақтыруға дайындауды үйренеді.
Сабақты ұйымдастыру оқушыларды сапқа тұрғызып, тазалық тексеруден басталды. 1-ден 4-ке дейін саналу арқылы оқушылар төрт топқа бөлініп отырды.
Үй тапсырмасын сұрау «Сәйкестендіру» кестесі арқылы жүзеге асырылды.
Әдістің мақсаты: білімді бекітеді, нақтылыққа, өзіне сенімділікке тәрбиелейді
Жаңа сабақты видеоролик арқылы таныстырылым жасап, оқушылардың сұрақ-жауабымен бастады. Жаңа сабақ мазұнын ұғыну үшін төрт топқа тапсырмалар бөліп берілді. Әр топтың спикерлері өз тапсырмаларын қорғап шықты.
«Google»  әдісі арқылы жұптық жұмыс тапсырды.Онда оқушылар әрбір гранаталардың айырмашылығы мен ұқсастығын салыстырып шықты.
«Эстафета» әдісі арқылы «Жарықшақты қол гранаталарын пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы қажет?» деген тақырыпта жеке жұмыс тапсырылды.
Мақсаты: оқушыларды шапшыңдыққа, нақтылыққа икемдеу
«SMS»керібайланысы арқылы сабақты қорытындылады.
Оқушылар бүгінгі сабақта :
Не қызық болды?
Не қиын болды? (қиналған тұсы)
Не құнды болды? (өзіне не түйдің?) 
деген сұрақтар төңірегінде керібайланыс береді
Үйге тапсырма: Тақырып төңірегінде мәліметтер жинауды тапсырды
Сабақ өз мақсатына жетіп, «өте жақсы» деп бағалдаы

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02wLU6QtM5ay6mN6azGTCHpK2J39XP4Gp9QxW1fntvJ17DGjfThz6f6PVfc8f5L6DNl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0ABq2zYDEa7592z7U9zYa4UPqhCe2d1A35mpa8WTaj3tXrh3URcbsHakGHrkfbGxgl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02YpeEDays4yCsTG1BFHhn9xtQi9XNtq1G6qagQBPuUwoNKLgPMqJLEwNeZ9k6j3bGl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz           

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid024Qmjx14iaiDbYA11gF9zQ8mB4wH3pB6HTpRz8Gn6LytA7XDmhbFLh2Lm9bA3cSFgl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid03fkA2cEn5NVjagWk5WPWDrJ5D7erW7ecnsxM4shSzRmhurYh6avTZpp6L5Qmuwmnl&id=100023961792466&mibextid=Nif5ozhttps://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0EWUAaJoi4GuWB3fCu39tRsjKjnmCYvdjRWh84DrkKXt7HuuUiudC7SHwcuJaKe8ul&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

Бірлестіктің атқарылған жұмыстары фейзбук желісіне жарияланып отырды.

«Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деп діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қараш айтқаны секілді тіліміз бен әдебиетіміздің алар орны ерекше. Осы орайда оқушы бойында ана тіліне құрмет қалыптастырып, өзге тілді үйренуге деген қызығушылықты ояту мақсатында мектебімізде 23 қаңтар күні «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдері апталығының ашылу салтанаты өткізілді. 
Апталықтың ашылу барысында мектеп директоры Г.Бақытбергенұлы сөз алып, апталықты ашып берді. Марапат жұмыстарын жасады. Апталықтың өтілу барысымен бағдарлы білім беру жқніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, дирекатордың бағдарлы білім ісі жөніндегі орынбасары А.Ағыбай таныстырып өтті, апталық өтуіне сәттілік тіледі.


Қазақстан тарихы  пәнінің мұғалімі Бақытбергенов Гүлдәурен «Үйсіндер және қаңылылар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Үйсіндер туралы жазба деректер.
Зерттеу сұрағы: Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?

Сабақтың  мақсаты: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрылуы мен Үйсін мемлекетіндегі әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқушыларды топтарға бөлу:Тик-ток, Фейсбук, Инстграмм арқылы үш топқа бөлу.

Ой қозғау Визуальды әдіс: АКТ-дан «Үйсіндер» туралы видеоролик. Bilim LAND платформасы арқылы көрсетіледі.  
Тапсырма: Видеороликті топ болып талқылау.
1.«Мәтінді маркерлеу»  әдісі арқылы топтық жұмыс жасалынады. 
1 топ: Үйсіндердің қалыптасу кезеңдері.
2 топ: Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
3 топ: Үйсіндердің шаруашылығы 
2.«Bilim LAND» платформасы арқылы №1 тапсырма орындалады. 
3.«Көкбөрі» ойыны. Көкбөрінің бойындағы қасиеттерді біріктір.
4.Мәтінмен жұмыс. «Bilim LAND» платформасы арқылы оқушылрға конспект ұсынылады. 
5.Картамен жұмыс: Жұптық жұмыс. Кескін картаға Үйсіндердің мекен еткен аумағын белгілейді.
«Сандар сөйлейді» сәйкестендіру кестесімен жұмыс жасайды. (жұптық жұмыс)
Жеке  жұмыс.
«Кестемен жұмыс»  әдісі  арқылы  оқушыларға  кесте  таратылады. Оқушылар  сұрақтарды  жеке жұмыс жасап, сынып ұжымымен талқылайды. 
Кері байланыс: «Мұғалімге хат» СМС  әдісі
Сабақтағы әдіс-тәсілдер жақсы таңдап алынған.Сабақ жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған.

В средней школе №182  , в 8 классе прошёл открытый урок  
на тему "Хлеб добывается трудом", учитель—предметник Мусаева Гульназия. Урок начался с приветствием учеников на 3—х языках.С помощью шаров ученики были распределены на 3команды. В каждой команде был капитан. Ученики оценивались хлебными колосьями. Задача каждой команды было: при каждом выполненном задании каждая команда должна была набрать в свои зерновые мешки хлебные  колосья.Победителем оказалась та команда, у которой было собрано наибольшее число хлебных колосьев. Было командное, индивидиуальное оценивание.Ученики работали в парах, индивидуально и командно. Ученики работали с текстом, задавали вопросы, отвечали на них. С помощью рисунков, данных на интерактивной доске, ученики определяли тему урока. Используя колесо фортуны, отвечали на определённые вопросы. На уроке присутствовали учителя, которые оценили урок на оценку" хорошо".    

Сабақтың тақырыбы: Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев»   роман-эссесі. 
«Сібір шамшырағында»  бөлімі.
Әдебиет пәнінен 10-сыныпқа Медеу Сәрсекенің  «Қаныш Сәтбаев»   роман-эссесі.  «Сібір шамшырағында»  бөлімі бойынша ашық сабақ өткізілді.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:10.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Сабақтың мақсаты:Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды.
Үй тапсырмасы «ТЕД» форматында сұралды.
Мақсаты: оқушаларды өздерін ортада еркін ұстауға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Жаңа сабақ  «Қаныш  туралы қызықты мәлімет» тақырыбындабейнебаянмен ашылды.
Сабақ әрі қарай топтық жұмысқа ұласып, Қаныш туралы «Топтастыру» әдісі қолданылды. 
Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында 
«Әлихан Бөкейханов: “Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден” дейді.
Сіз қалай ойлайсыз?» деген сұрақ тасталды. 
Тақырыпты ашу мақсатында топқа тақырыптар бөлініп беріліп, топтық жұмыс жасалды.
1-топқа.   Жазушының басты кейіпкерге берген портреттік  мінездемесіне талдау жасаңыздар.
2-топқа.  Мәтіннен тура мінездеулерді табыңыздар.
3-топқа.  Жанама мінездеулерді табыңыздар.
Жұптық жұмықа кестемен жұмыс жасап, кез келген кейіпкерге талдау жасап шықты.
Сабақты қорытындылау, бағалау мақсатында оқушыларға «Блум таксономиясы» арқылы деңгейлік тапсырмалар берілді.
Әр тапсырма сайын оқушыларды бағалап отырды.
Сабақ соңында  керібайланыс жасалып, оқушыларды бағалады.
Сабақ «жақсы» деп бағаланды

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid026tGqX59UcrL54LnDSA4DKcEDmajMQpsDa5nfFwfLV8Za4HabDbpWBSQQ4uyP9M3Gl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid026ed4fjoeaCWtt3RRmbby2YZzFvHC25jY1QbckZYzVdzgE3dRXLDagv3FQHbnST8Ul&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid026ed4fjoeaCWtt3RRmbby2YZzFvHC25jY1QbckZYzVdzgE3dRXLDagv3FQHbnST8Ul&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0dfKCN8q26DkfteQffNP4satPdPkuNug7ALE8g8ab9GfCpv23Q6uahvzEgWp9qNajl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02xwxBXc3G7JwawLp2EwLcagDYALEAPYoahRt9nU48R1oYZW4jsPu9gLqHSt86ax6Fl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0H9oDRScgTAymMp1CHHiWADa5NAzmXGCkdqzFPduws2XBGoqo7JNS9fQcSRy5qzoxl&id=100023961792466&mibextid=Nif5oz

16-қаңтар 2023 жылы 1 сыныпта Байденес Алтын Ана тілі пәнінен «Қыс» (Дауысты және дауыссыз дыбыстар) тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың жүргізілуі барысында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып  сабақ  мақсатына жеттім. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде   «Өз  орныңды тап» ойыны арылы балалар шеңбер бойына тұрып, суреттер арқылы өз орнын табады. Сынып оқушылары  «Ұлпа қар», «Ақша қар» топтарына орналасты.Ой қозғау мақсатында  «Wordwoll»   бағдарламасы арқылы «Кездейсоқ дөңгелек» әдісімен    өткен сабақты пысықтап, сұрақтарға жауап береді.«Мюнстерберг» әдісі бойынша берілген әріптердің ішінен сөзді тауып оқып,   дыбыстық талдау жасайды(Щнгкуцқысщздбожюдшқарцйквыф)
«Спиральді оқу» әдісін қолданып мәтінмен танысады.
«Таза тақта» әдісі бойынша мәтін   сұрақтарына  жауап бере отырып ,тақтаны тазартып  жаттығу орындауға дайындық жасайды.       «Орнын тап» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді көшіріп жазады. «Кім жылдам» ойыны. (Қаламсаптарды жылдам алу.)Топтық   жұмыс     (Дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажыратады суретке сәйкес сөздерді табады,сөздерді қатесіз жазады ) «Үш сұрақ» әдісі (Сұраққа   жауап беріп, қорытынды   шығарады) «Қолсағат» әдісі (Бағалау)

Бастауыш пәндері апталығы аясында дене тәрбиесі пәні мұғалімі Б.Алдажаров 3-сыныпта «Топтағы шығармашылықты дамытуға арналған бағытталған ойындар. Пионербол ойынға допты қосу. Қарама-қарсы тұрып секіріп ойнау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсене араласты. Сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар өздерінің сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап үйренгендіктерін көрсетті. Сабақ барысында ойынның түрлі жолдарын меңгеріп, әдіс-тәсілдерін игерді.
Қатысқан мұғалімдер сабаққа қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.

Бастауыш сыныптармен өткен «Музыка әлемінде» атты сыныптан тыс шарасы    
Музыка пәнінің мұғалімі  Ағыбаева Индира

Мырзатаева Жаңыл – бастауыш сынып мұғалімі  
Әліппе Пәнінен  «Ә дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық сабақ өттім.
Сабақтың мақсаты:Ә әріпін тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
    Дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату, дыбыстық талдау жасау
    Ә әріпі бар сөздерді буындап, тұтас әрі түсініп оқу.
    Ә әріпін көркем жазуды үйрену.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Ширату жаттығуы» жасалып, балалардың зейінін сабаққа аударып алдым. Сабақтың барысында « Сұрақ-жауап» әдісімен, яғни «Жұмыртқа жинау» ойыны арқылы өткен тапсырманы пысықтадым. Жаңа сабақты бастамас бұрын әже сөзіне дыбыстық талдау жасалып. оқулықпен жұмыс жүргізілді. «Сөз ойла, тез ойла» әдісімен әріпке байланысты сөздер айтылды.Саралау тапсырмасы кезінді оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар берілді.
Сабақ соңында балалар «Бес саусақ» әдісі арқылы бағаланды. Кері байланыста оқушылар сабақтан алған білімдерін  анықтап, стикерлер арқылы өз ойын білдірді.